УГ 157/11 сотталғандармен өткізілген дөңгелек үстел
- admin_atsc
- 20.08.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
15 тамыз күні Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығының мамандары Б.Е.Ережепов пен А.А.Жұмажанова ҚАЖД УГ-157/11 мекемесі ұйымдастырған “Аурудың алдын алу және оның емделу жолдары” тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Кездесуде УГ-157/11 мекеме басшысы, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігер-фтизиатры, ҚАЖ департаментінің санитар дәрігері және сотталған азаматшалар қатысты.
Бұл шарада ЖИТС орталығының маманы Ережепов Б. АИТВ-инфекциясы және оны алдын алуымен таныстырып, АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Дәрісте слайдтар, бейнебаяндамалар көрсетілді. Сотталған азаматшалардың қойған сұрақтарына барлық мамандар толық жауап берді.
comments powered by HyperComments