Атырау қаласының жастары арасында АИТВ жұқпасының алдын алу

- admin_atsc
- 23.10.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2018 жылдың 12 қазанда Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»атты Халықаралық қыздар күніне арналған шара өтті. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу туралы баяндады. Аталмыш тақырыпта оқушылар презентацияларын көрсетті.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 16 қазанда алдын алу бөлім меңгерушісі Б.Ережепов пен педагог А.Тунгатарова Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицей және Ш.УӘлиханов атындағы №9 орта мектеп оқуушыларына Облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында тренинг өткізді. Шара барысында АИТВ инфекциясы, жұғу жолдары, алдын алу, Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы тақырып қозғалды.Оқушыларға оқу ақпараттық құралдар таратылды, бейнероликтер көрсетілді. Барлығы 170 адам қамтылды.