Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Баспасөз релизі 29.03.19

АИТВ-сы бар 80-нен астам жасөспірім көшбасшылықтың алғашқы қазақстандық мектебіне қатысты

25-29 наурызда Түркістан облысының әдемі жерінде елдің барплық аумағынан АИТВ-мен өмір сүретін жасөсіпірмдер Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниясының Janssen қолдауымен Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен «Қоғамдық денсаулық ассоциациясы» ЗТБ ұйымдастырған көшбасшылықтың алғашқы қазақстандық мектебіне қатысты.

Топтардағы сабақтарды тәжірибелі психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері жүргізуде. Жаттықтырушылар ретінде Украинадан келген АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдер шақырылды, олар өздерінің тәжірибесінде оң АИТВ-ахуалды қабылдау, өзін өзі стигмалауды еңсеру және жастар үшін қоғамдық ұйымдарды құру туралы «тең-теңіне» қағидасы бойынша айтып өтті.

– Мектепті жүргізудің мақсаты – көшбасшылардың серіктестігін қалыптастыру үшін түрлі аймақтан келген жасөспірімдерді таныстыру, ересек өмірге толыққанды біріктіру, ішкі потенциалын арттыру, психоэмоционалдық тұрақтылығын нығайту, АИТВ-мен өмір сүру туралы білім деңгейін арттыру, емге жоғарғы бейілділікті қалыптастыру, – деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Үлкен ұстаздарымен жасөспірімдер бес күн білімдерін толықтырып, АИТВ-мен өмір сүру, стигма мен өзін өзі стигмалауды еңсеру, антиретровирустық терапияға бейілділік дағдыларын жақсартты. Ал кешкісін балалар спорттық ойындар ойнады, шығармашылық үйірмелермен, факультативтермен айналысты, викториналарға қатысты, белсенді қатысқандары үшін сыйлықтар алды. Балалар оқыды, ойнады, сурет салды, бисер тоқу өнерін меңгерді, көбісі мұнда достар тапты.

– Көшбасшылықтың мұндай мектептері АИТВ-сы бар жасөспірімдер үшін өте маңызды. Атап айтқанда, осында АИТВ-инфекциясына байланысты қорқыныштар мен уайымдарымыз туралы ашық айта аламыз. Әрбірі бір біріне қолдау көрсетуге сенімді. Біз көп дауласамыз, бізді толғандырып жүрген мәселелерге жауаптар аламыз, содан кейін, әрине, демалысты жақсы өткіземіз, – дейді өзінің оң АИТВ-ахуалын Қазақстанда бірінші болып ашық жариялаған жасөспірім Бауыржан Байдуллаев.

Қазақстандағы АИТВ-сы бар жасөсіпірмдерге арналған көшбасшылықтың көктемгі мектебі жыл сайын болады деп жоспарлануда.

ҚДИАҒО баспасөз қызметі

БАҚ үшін байланыс: Марина Максимова +77772254601 marina_maximova@rambler.ru

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey