Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен күресте Қазақстанды үлгі етті

- Beket Erezhepov
- 14.05.2020
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», – деп жазды Клюге Twitter-де.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавируске қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті: – күшейтілген бақылау; – тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін; – мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау; – профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау; – науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы; – зерттеудің жүргізілуі.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/duniezhuzilik-densaulyk-saktau-uyymy-koronaviruspen-kureste-kazakstandy-ulgi-etti_a3649089
comments powered by HyperComments