Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Медициналық маска тағу міндеттелді

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, өңірдегі карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева мәлімдеді.

– Тұрғындарға қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті болып табылады. Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Қандай да бір талап сақталмаған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп түсіндірді Жанар Досымбаева.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey