Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖАҺАНДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күресу күні атап өтіледі. Бүл күні әлем адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдарға қолдау, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулық мәселесінің теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті.

COVID-19 пандемияcы әрбір адам қауіпсіздікте болмайынша, ешкім де қауіпсіз бола алмайтындығын дәлелдеді.

Қоғам белсенділері мен халықтың  ынтымақтастығын АИТВ-ға шалдыққан адамдарды ақпаратпен, көрсетілетін қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етудің кепілі ретінде көрдік. Үкімет, демеушілер, діни басшылар, азаматтық қоғам және әрқайсымыз әлемді сау ету үшін өз үлесімізді қосуымыз керек.

Жаһандық ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілік бізден денсаулық сақтау саласындағы жаһандық жауаптарға, соның ішінде ЖИТС-ке жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді. Бұл келесі мақсаттарға жету үшін бүкіл әлемді біріктіруді талап етеді:

  • Денсаулық сақтауды толық қаржыландыру
  • Денсаулық сақтау жүйесін нығайту
  • Әр адамға медициналық қызметтің қол жетімділігі
  • Адам құқықтарын сақтау
  • Әйелдер мен қыздардың құқықтарына, сондай-ақ гендерлік теңдікке мұқият назар аудару.

Атырау облысында 16-22 қараша аралығында ЖИТС-пен күрес күніне орай АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын насихаттау апталығы өтуде.

Облыс көлемінде 1993 жылдан бері АИТВ инфекциясының 282 жағдайы тіркелді, соның ішінде соңғы 10 айда 20 жағдай анықталды. Оның 93% – 15-49 жас аралығындағылар құрайды. Індет жұқтырғандардың әлеуметтік-кәсіби құрамы да әртүрлі: жұмыс жасайтындар, жұмыссыздар,  оқушылар мен студенттер, мектеп жасына дейінгі балалар, әскери қызметкерлер, сотталғандар, инемен есірткі тұтынушылар, т.б.

АИТВ инфекциясын анықтаудың жалғыз жолы – барлық емханалар мен ЖИТС орталығында тегін жүргізілетін зертханалық тексеріс. Сонымен қатар, ЖИТС орталығында анонимді тексеру, достастық кабинеттері, сенім бекеті, сенім телефоны (21-11-03)  жұмыс жасайды.

comments powered by HyperComments
binance prijavnica
2024-08-16 06:57:49
Thank you for your sharing. I am worried that I lack creative ideas. It is your article that makes me full of hope. Thank you. But, I have a question, can you help me?
binance h"anvisningsbonus
2025-01-15 11:56:11
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey