Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, денсаулық сақтау саласының ардагері Меңдіхан Өтепқалиев 70 жасқа толды. Мерейтойға орай облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығында санитарлық талаптар сақтала отырып, құттықтау шарасы өтті.
Меңдіхан Өтепқалиев 2015-2017 жылдары облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығында басшы қызметін атқарып, зейнеткерлік демалысқа шықты.
Мерейтой иесі Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының тумасы. Ол Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын тәмамдап, алғашқы еңбек жолын 1974 жылы Гурьев облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде дәрігер-анестезиолог болып бастаған. Жедел медициналық жәрдем ауруханасында да еңбек етіп, 1986 жылы Гурьев облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметіне тағайындалған. 1991 жылдан – «Фтизиатрия» Аймақтық медициналық бірлестігінің директоры, 1992 жылы №1 қалалық ауруханының басдәрігері, 1995 жылы -Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1998 жылдан – Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, 2000 жылдан – Атырау қалалық Аймақтық апат медицинасы орталығының директоры қызметтерін атқарды. Осылайша бірнеше медициналық мекемелерде басшы болып із қалдырған білікті маман 2009 жылдан 2015 жылға дейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып еңбек етті.
Саналы ғұмырын облыс медицинасының дамуына арнаған жан ЖИТС пен күрес орталығында қызмет еткен жылдары жас буынның кәсіби шыңдалуына көп көңіл бөлді. Өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, орталық жұмысының жүйелі жүргізілуіне сүбелі үлес қосты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey