Атырау қаласы жастарымен кездесу

- admin_atsc
- 28.01.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары А.Абылғазиева,М.Баймуханова 2021 жылдың 27 қаңтарында «Жастар ЖИТС/АИТВ туралы білгісі келеді» тақырыбында «Атырау Сервис колледжінің» студенттерімен онлайн ZOOМ форматында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.
COVID-19 инфекциясы АИТВ/ЖИТС індеті сияқты әрбір адам қауіпсіздікте болмайынша, ешкім де қауіпсіз бола алмайтындығын көрсетті. АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу, АИТВ инфекциясын анықтаудың жалғыз жолы- қанды зертханалық тексеру екендігі, тексеру тегін жүргізілетіні және ЖИТС орталығында анонимді, достастық кабинеті, сенім бекеті, сенім телефоны 21-11-03 жұмыс жасайтындығы жеткізілді.
Тікелей эфир барысында , кездесуге қатысқан 92 студенттің көптеген сұрақтарына жауаптар мен кеңестер берілді.