Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Атырау қаласының колледж студенттерімен  онлайн кездесу

2021жылдың 8 ақпаныңда  Атырау облысы ЖИТСке қарсы күрес орталығында алдын алу бөлімінің маманыМ.Баймуханова онлайн форматта С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледж студент жастарымен «Мұны саған білу маңызды»  атты  тақырыпта  кездесу өткізді.

Басты мақсат: АИТВ\ЖИТС мәселесі бойынша жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін  арттыру, ақпараттандыру деңгейін жақсарту.

Кездесу  барысында 2021 жылдың  эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ инфекциясының  берілу жолдары , аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау, көмек көрсету , олардың қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығы туралы айтылды.

Тікелей эфир  барысында,  кездесуге қатысқан  60 студенттің  көптеген сұрақтарына  жауаптар мен  кеңестер берілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey