Атырау облыстық АИТВ  орталығы

БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) нөл кемсітушілік күні деп жариялаған 1 наурыз қарсаңында ҚР АИТВ инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі жаһандық серіктестік бағдарламасына қосылды.

Елде ЮНЭЙДС 90-90-90 стратегиясы іске асырылуда, ол АИТВ инфекциясына байланысты алдын алуды, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде халықты тестілеумен қамту 13 пайыздан асады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткіш – 10%. Жыл сайын негізгі топтардың өкілдері (инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, секс-жұмыскерлер, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар) және жүкті әйелдер көбірек тестіленеді. АИТВ бар әйелдер 99,6%-да дені сау балаларды дүниеге алып келеді. Олардың көпшілігі екінші және үшінші рет ана болады. Антиретровирустық терапия (АРТ) қол жетімді болуда, ол науқастарға диагноздан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі. ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіші кезінде АРТ-мен қамту – 71%, бүгінде – 73% құрайды.
Егер қоғамда АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілік деңгейі жоғары болмаса, бұл нәтижелер әлдеқайда маңызды болуы мүмкін. Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерге және АИТВ-мен байланысты саяси бастамаларға қарамастан, стигматизация мен кемсітушілік бүкіл әлемде таралуда. Бұл мәселеде ортақ прогреске қол жеткізу үшін тиімді бағдарламалар мен бастамалар қажет.
Олардың бірі – Жаһандық серіктестік бағдарламасы 10 желтоқсанда, Женевада адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының қабылдануының 70 жылдығында басталды. Қазақстан АИТВ-инфекциясымен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою бойынша Жаһандық серіктестіктің халықаралық бастамасын қолдайды.
Атырау облысында 2021 жылдың 2 айында 7 адам АИТВ инфекциясымен тіркелді.
1993 жылдан бері өсу нәтижесімен (кумулятивті) АИТВ инфекциясымен облысымызда 371 жағдай тіркелген. Соның ішінде Қазақстан азаматы-296, шет ел азаматы-75.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey