Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Атырау қ. әскери бөлімімен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС ке қарсы орталығы алдын алу бөлімінің мамандары А.Абылгазиева, М.Баймуханова және Атырау облысы полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Ж.Садиров №41433 Әскери бөлімінің жеке құрмымен кездесу өткізілді.
Басты мақсат : АИТВ\ЖИТС мәселесі бойынша Әскери құрамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, ақпараттандыру деңгейін жақсарту және есірткі тұтынудың алдын алу.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау, көмек көрсету, олардың қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығы айтылды. Шара барысында видеороликтер, слайдтар көрсетіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey