Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай оқушылар мен студенттерге дәріс жүргізілді.

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні мамырдың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күні СПИД-тен қайтыс болған адамдарды еске алады.
Атырау облыстық ЖИТС орталығының маманы Имангалиева Ж.М . Атырау қаласындағы жалпы білім беретін №11 , №18, №24 , Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектептеріне және Халел Досмухамедов атындағы университеттің «Әскери кафедра» студенттеріне дәріс өткізді.
Жастардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды.
Шараға №11-118 , №18-75, №24-75 , Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектебі-95 және Халел Досмухамедов атындағы «Әскери кафедра»-15 студент, барлығы – 378 жасөспірім қамтылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey