26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды

- admin_atsc
- 29.06.2021
- Жаңалықтар
- One response
Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсыіс-қимыл басқарамасымен , Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, Атырау облысының ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай шағынфутболдан жасөспірім ұлдар арасында қалалық онлайн турнир ұйымдастырылды.
Жасөспірімдерге Атырау облысы Полиция департаменті Кинологиялыққызмет орталығының өздерінің қызметтік иттерімен қойылымдар, одан әрі Атырау облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жастағы қызметкерлері арнайы оқу-жаттығу тәсілдерін көрсетті. ЖИТС орталығының мамандары Ж.Иманғалиева мен Р.Тлепова АИТВ жұқпасының жұғу жолдары мен алдын-алу шаралары туралы түсіндірді.
Қатысушылар арасында қалалық онлайн турнирін жеңімпаздары анықталып,барлық жеңімпаздарға және волонтерлармен блогерлерге құрмет грамоталары және арнайы сыйлықтар табыс етілді.