Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Облыс дәрігерлері арасында вебинар өткізілді

13қыркүйек 2021 жылы Атырау Облыстық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдастыруымен «Клиникалық эпидемиологиялық айғақтар бойынша АИТВ жұқпасына балаларды тексеру» тақырыбында облыстың эпидемиолог, терапевт, жалпы тәжірибелік дәрігерлері арасында вебинар өткізілді.

Орталықтың дәрігерлері Ж.Б.Төлемісова «Атырау облысында балалар арасында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы және Қарағанды облысында АИТВ жұқпасымен анықталған балалардың эпидемиологиялық талдауы», А.М.Қарабекова «№211 бұйрыққа сәйкес  клиникалық айғақтары бойынша АИТВ жұқпасына балалардың тексеруі» тақырыбындағы баяндамаларымен таныстырды.

Вебинарда  22 медициналық мекеме қамтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.

                             

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey