Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырауда қала тұрғындары мен жастары арасындағы акция

Атырау қаласының Теміржол вокзалында 12 қарашада облыстық  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашаққа» атты акциясы өтті.  Шараға  Атырау облыстық Білім беру басқарамасы, Денсаулық  сақтау басқармасы, Жастар саясаты, ЖИТС орталығының уәкілдері қатысты.

ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.У.Баймуханова биыл елімізде 15-25 қараша аралығында «АИТВ: әрбірін түсіну» тақырыбында онкүндік өтетіндігі, АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, нашақорлардың арасында  жұқпаның  тіркелуі, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы айтылды.

Акцияға 100-ге жуық студенттер мен мұғалімдері қатысып,облыстық Филармонияның әртістері  концерттік бағдарламасын және Атырау облысы есірткі қызметі орталығының кинологтары  қызметтік-іздеу иттерін есірткілік заттарды іздеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынылып,ақпараттық жадынамалар таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey