Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасындағы кездесу

- admin_atsc
- 24.11.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
23 қарашада Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, облыстық ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуде АИТВ-жұқпасының таралуының алдын алу бойынша, қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы алдын алу шараларының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясы тарихына, вирусты зерттеу кезінде қандай зерттеулер жүргізілгендігіне, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамдағы стигма мен кемсітушілік туралы психологиялық медициналық көмек көрсетілетініне тоқталды.
Студенттер ақпаратты белсенді талқылап, сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Шара барысында еріктілер АИТВ-жұқпасына жедел тестілеуден өтіп, ақпараттық-оқыту құралдары таратылды.
comments powered by HyperComments