Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасындағы кездесу

23 қарашада Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, облыстық ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен Қ.Дүтбаева  атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесуде АИТВ-жұқпасының таралуының алдын алу бойынша, қауіпсіз жүріс-тұрыс  туралы алдын алу шараларының  маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясы тарихына, вирусты зерттеу кезінде қандай зерттеулер жүргізілгендігіне, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамдағы стигма мен кемсітушілік туралы психологиялық медициналық көмек көрсетілетініне тоқталды.

Студенттер ақпаратты белсенді талқылап, сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Шара барысында еріктілер АИТВ-жұқпасына жедел тестілеуден өтіп, ақпараттық-оқыту құралдары таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey