Атырау қаласы жастарымен кездесу

- admin_atsc
- 25.11.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2021 жылдың 25 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне «АИТВ: әрбірін түсіну» науқаны аясында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандарыА.Абылғазиева,М.Баймуханова «Атырау Бизнес және Құқық колледжі студенттерімен мұғалімдері арасында «АИТВ және стигма/кемсіту» тақырыбында кездесу өткізді.
АИТВ стигмасы қоғамда әр түрде кездесетіндігі, АИТВ жұқтырған адамдарды қуғындау,шеттету олардың уақытында анықталмай, АРТ емін қабылдамай, індеттің таралуына себепкер болуы мүмкіндігі.
Кездесудің басты мақсаты -қоғам тарапынан АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау, көмек көрсету.Студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.
Кездесуге қатысқан 50 мұғалімдер мен студенттерге ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments