Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Қорқудың қажеті жоқ, білу керек!

2021 жылдың 30 қарашасында  Атырау облыстық  ЖИТС  орталығының мамандары Абылғазиева А.Ж , мен Муканова Р.Т Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде АИТВ – инфекциясы және оның берілу жолдары бойынша ақпарат ұсынылды. Оқушылар АИТВ-ны жұқтыру қаупін және оның алдын алу шараларын талқылауға белсенді қатысты.

Мамандар АИТВ-инфекциясымен байланысты мифтер туралы айтып, тыңдаушылардың назарын АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітуге жол бермеуге аударды. Сонымен қоса , аумақтың  эпидемиологиялық ахуалы туралы мәліметтер айтып өтті.

Қатысушылар ақпараттық – білім беру материалдарын алып, ерікті түрде жедел тесттен өтті. Шараға барлығы 30 адам қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey