Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Гемотрансфузиологтарға семинар өтті

2022 жылдың  8 маусымында   Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 31  мамырындағы  № 223 бұйрығын орындау мақсатында облыстық және  аудандық ауруханалардың гемотрансфузиологтары арасында «АИТВ жұқпасының гемотрансфузиялық  жолмен берілуінің  алдын алу» тақырыбында облыстық   семинар өткізді.      Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов және қан орталығының  директоры Ж.Бахонов ашты. Сонымен қатар бөлім меңгерушілері облыстағы эпидемиологиялық  ахуал мен гемотрансфузияға  дейінгі  АИТВ  инфекциясына тексеру, реципиенттердің  қанына  иммундық  гематологиялық  зерттеулерді  ұйымдастыру, қанды және  оның компоненттерінің  сапасын бақылау, сақтау мен өткізу тәртібі айтылып өтті.        Қатысушылар    тақырып  аясында  сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.  Қамтылғандар саны: 17 адам.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey