Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласында «Нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу» тақырыбындағы семинар

21 маусымда Атырау облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында «26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес» айлығы аясында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар/тренинг өтті.
Шараға Атырау облыстық Полиция Департаменті қызметкерлері мен Полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері, СӨСҚО дәрігері Г.Тайбуриева, облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі С.Страмоусова, ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймуханова қатысты.
Семинарды Атырау облыстық Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Р.Ермуханов ашып, мамандарға сөз берді.
СӨСҚО дәрігері салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына және нашақорлықтың әлеуметтік қауіп төндіретініне тоқталды.
Сонымен қатар психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі аталмыш тақырыпта «Психикалық активті заттар» аясында слайд, бейнебаян көрсетті.
ЖИТС орталығының маманы бүгінгі күні ЖИТС орталығында инемен есірткі тұтынушылар (ИЕТ) арасында АИТВ жұқпасының таралуына жол бермеу, қорғаныш шараларын сақтау мақсатында аутрич қызметкерлер жұмыс жасайтындығын, АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, нашақорлардың арасында жұқпаның тіркелуі, АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы ақпараттар берді.


comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey