Медицина қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізілді

- admin_atsc
- 27.06.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары қалалық №5 емхананың медицина қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарда Атырау облысы бойынша АИТВ жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал, апатты жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, байланысқа дейінгі және кейінгі алдын- алу, антиретровирустық терапия, стигма және кемсіту, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылды. Жүкті әйелдерді есепке алу кезінде, жүктіліктің 28-30 аптасында және олардың жыныстық серіктестерін бір рет АИТВ-инфекциясына тексеру жөнінде айтылды.
Семинарға 25 медицина қызметкерлері қатысты.
comments powered by HyperComments