Облыстық қан орталығындағы семинар
- admin_atsc
- 28.06.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Т.Шаменов және дәрігер эпидемиологы Ж.Тулемисова облыстық қан орталығының медициналық қызметкерлеріне семинар өткізді.
Шарада мамандар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, преаналитикалық кезең, медициналық көмек көрсету барысында орын алатын апаттық жағдайлар туралы түсіндірді.
Қатысушыларға семинарға дейінгі және кейінгі сауалнамалық тестілеу жүргізілді. Шараға барлығы 23 адам қатысты.