Дәрігер наркологтар арасында семинар

- admin_atsc
- 25.08.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 18 тамызында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 16 тамызындағы № 390 бұйрығын орындау мақсатында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың және Психикалық денсаулық орталығының нарколог мамандарына арналған «ИЕТА-ды АИТВ инфекциясына тексеріспен қамту» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Шараны орталық директорының орынбасары Л.Акбанова ашты. Семинарда облыстағы эпидемиологиялық ахуал, халық арасында, оның ішінде ИЕТА-лар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламасымен қамту, ИЕТА-ды тексеруді БМСК деңгейінде жүргізу, апаттық жағдайлар, постбайланысты профилактика туралы айтылып өтті. Қатысушылар тақырып аясында қойған сұрақтарына толық жауап алды.
comments powered by HyperComments