Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласында әскери бөлімшеде «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбындағы семинар

2022 жылдың 28 қыркүйегінде «ANGEL.NBA» ЖШС-нің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық Ұланының 5546 әскери бөлімінің мәжіліс залында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу»  тақырыбында   семинар өтті.

Шараға СӨСҚО дәрігері Г.Тайбуриева, үйлестірушісі  А.Қарасай, ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймуханова қатысты.

СӨСҚО  маманы  салауатты   өмір  салтын қалыптастырудың және АИТВ/ЖИТС-ке назар аударудың маңызды екендігін  айтты.

ЖИТС  орталығының маманы бүгінгі күні АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, жұқпаның таралуына жол бермеу, қорғаныш  шараларын сақтау,  АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, инфекцияға шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы ақпараттар берді.

Шара барысында “Қазақстан Атырау”  телеарнасына  сұхбат берілді.

Семинар соңында ЖИТС орталығының маманы АИТВ/ЖИТС бойынша барлық сұрақтарға жауап берді. 45 сарбаз қатысып,  оларға АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратты.

comments powered by HyperComments
creación de cuenta en Binance
2024-12-02 04:17:58
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey