Жастар жаман әдеттерден аулақ болсын

- admin_atsc
- 11.10.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
3-4 қазан аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары СӨС орталығы мамандарымен бірлесіп, жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге«Атырау сервис»,«Атырау бизнес және құқық »колледждерінің студенттері қатысты.
Жиынды модератор- СӨС орталығының дәрігері Г.Тайбуриева кіріспе сөзбен ашты. Атырау облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Абылғазиева аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды, аурудың берілу жолдарын, алдын алу шараларын түсіндірді.
Шара соңында сұрақтар талқыланып, қатысушыларға оқу ақпарат құралдары таратылды.
comments powered by HyperComments