«АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында ОНЛАЙН вебинар

- admin_atsc
- 10.11.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 9 қарашасында Атырау облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС мамандары, Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының маманы М.Баймұханова «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің оқытушылары және ата-аналардың қатысуымен бірлескен онлайн вебинар өткізді.
Мақсаты: АИТВ инфекциясы туралы ақпарат беру.
Шара барысында АИТВ -ның берілу жолдары және алдын алу шаралары, өз АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясымен өмір сүрушілердің құқығын қорғау туралы ақпараттар берілді.
Қамтылғандар саны- 33.