Білім саласының психологтарымен кездесу

- admin_atsc
- 23.11.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау энергетика құрылыс колледжінің мәжіліс залында колледж және орта мектеп психологтарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Теңдік уақыты» тақырыбында семинар тренинг өтті.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығы мен СӨҚО мамандары «Жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбындағы сұрақтарды талқылады.
Шараға колледж және мектеп психологтары қатысып, әр мекеме уәкілінен қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Қамтылғандар саны-45.