Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ірі бизнес компаниясының жұмысшыларымен кездесу

21-22 қарашада Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары А.Қ.Серікбаева мен Ж.Иманғалиева «Ембімұнайгаз», «КазтрансОйл», «Идеал Маркет» ЖШС бизнес құрылымдарының қызметкерлеріне «АИТВ-ға қазіргі уақыттағы көзқарас» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында облыстағы АИТВ- нің эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шаралары, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің маңыздылығы талқыланды.
АИТВ-ның таралуын тоқтатудың негізгі мақсаттарының бірі – халықты ақпараттандыру және әрбір адамның өз АИТВ статусын білуі.
Тестілеу өз мекен жайына қарасты емханада немесе ЖИТС орталығында ақысыз түрде жүретіндігі айтылды.
Семинар барысында қызметкерлердің сауалдарына нақты жауаптар берілді. 85 қатысушыға ақпараттық құралдар таратылды.
comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey