Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында оқушылармен кездесу

24  қарашада Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен  облыстық ЖИТС орталығы мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, «Зияткер мамандандырылған мектеп лицей-интернатының»  оқушыларына  кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында  АИТВ-ның облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, инфекцияның таралу жолдары  мен  алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге және стигмаға жол беруге болмайтындығы туралы түсіндірілді.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кітапхана   қызметкерлеріне  ЖИТС орталығы атынан алғыс хат және белсенді қатысқан  оқушыларға  әдеби кітаптар табысталды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey