Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласының жастары арасындағы кең көлемді акция

2022 жылдың 28  қарашасында Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен кең көлемді акция өткізілді.

Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу  бөлімінің  меңгерушісі А.Ж. Абылғазиева шараны  ашып, өз сөзінде биылғы жылы кампания Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымының «Теңдік уақыты!» ұранымен  өтетіндігіне  тоқталды.

Іс-шара бағдарламасында  жастарға АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бағытында слайдтар көрсетілді.

Ойын форматында өткен іс-шарада  мамандар жастардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шарада   қатысушыларға  облыстық ЖИТС орталығы тарапынан алғыс хат пен  сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасына түсірілім жүргізіп,  облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне сұхбат берілді.

 

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey