Лицей оқушыларымен кездесу

- admin_atsc
- 14.12.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицейдің 9-10-11 сынып оқушылары мен Атырау облысы ЖИТС ке қарсы күрес және алдын алу орталығының дәрігер -эпидемиологтары Р.Муканова мен А. Серікбаева кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қазіргі қоғамда белең алып отырған АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары оның алдын-алу жөнінде ақпараттар беріліп, оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттады.
Оқушылар тарапынан маманға сауалдар қойылды. Арнайы слайдтар көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.