Орталықтың медицина қызметкерлері арасында семинар

- admin_atsc
- 15.03.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 13 наурызында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 20 ақпанындағы №65 бұйрығын орындау мақсатында орталықтың дәрігерлері мен медбикелері арасында «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жиналыс барысында, бұл аурудың шығу себептері, жұғу жолдары, аурудың алдын-алу әдістері айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments