Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Жылыой аудандық орталық ауруханасы» медицина қызметкерлері арасында АИТВ мәселелері бойынша семинар

2023  жылдың   16 наурызында  Атырау  облыстық ЖИТС орталығының  дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова, Д.Жарилгасова медицина  қызметкерлерінің  білімін жетілдіру мақсатында   аудандық орталық   аурухананың  медицина қызметкерлеріне  жоспарлы   әдістемелік көмек  көрсетті.

Әдістемелік көмек барысында  келесі мәселелер қарастырылды:

– Атырау  облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай;

– клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау, соның ішінде жүкті әйелдер және олардың жыныстық серіктестерін уақытылы тексеру;

– медициналық араласулар кезіндегі апаттық жағдайларда жүргізілетін шаралардың алгоритмі;

–  жедел тестпен тестілеу  әдісі бойынша  тәжірибелік  сабақ.

Сонымен қатар АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Семинарға   54 адам қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey