Медицина ұйымдарындағы дәрігер-гинекологтарға арналған семинар

- admin_atsc
- 04.05.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №142 бұйрығын орындау мақсатында облыстық және аудандық ауруханалардың және жеке медициналық ұйымдардың дәрігер-гинекологтарының арасында «Жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Бағдарламаға сәйкес шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашты. Семинарда орталықтың мамандары соңғы 5 жылда жүкті әйелдерде АИТВ инфекциясының анықталуы, жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеру, АИТВ жұқтырған аналарға және нәрестелерге медициналық көмек ұйымдастыру, оларға психологиялық қолдау көрсету, фертильді жастағы әйелдерде жүктілік жоспарлау туралы баяндады.
Қатысушылар тақырып аясында қойған сұрақтарына толық жауап алды. Семинарға 17 адам қатысты.
comments powered by HyperComments