Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Облыстық психикалық денсаулық орталығындағы семинар

Атырау облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серікбаева мен эпидемиология  бөлімінің меңгерушісі  Т.Шаменов облыстық психикалық денсаулық орталығы медициналық қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарда АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, 27.11.20 жылғы № ҚР ДСМ-211/2020 «АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы», апаттық жағдайлар, олардың әрекеттері, байланыстан кейінгі профилактика бойынша жұмыстар туралы   баяндады.

Сонымен қатар инекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын күшейту және оларды АИТВ-ға тестілеу мәселелері айтылып, «4 буын экспресс тестімен» жұмыс жасау техникасы үйретілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey