Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университет студенттерімен кездесу
- admin_atsc
- 09.10.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 6 қазанында облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.У.Баймуханова Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің №2жатақханасында студенттерімен «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу»тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.
Шарада студенттерге АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасынан қосымша қорғаныш ретінде ұсынылатын шараның бірі – байланысқа дейінгі профилактикалық дәрі қабылдау туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында қатысушылардан сұрақтар қойылып, жауаптар беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments