Атырауда ЖИТС-пен күрестің онкүндігі басталды

- admin_atsc
- 20.11.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Елімізде 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» деген ұранмен АИТВ (ВИЧ)-инфекциясына қарсы шаралардың онкүндігі өтеді.
Шараларға үкіметтік емес ұйымдар, жастар, халықтың түйінді топтарын қатыстыру жоспарланған. Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары жыл сайын акцияның ауқымды өтуіне жағдай жасайды. Сол үрдіс биыл да жалғасын тауып, қаладағы бірнеше оқу орындарының студенттері арасында түрлі шаралар өткізіледі. Қоғамдастықтар ЖИТС-ке қарсы күреске белсене атсалысса, ЖИТС індетін жеңуге болады. Олар қазір қоғамның барлық саласына араласып, біртіндеп адамдардың сеніміне ие болып келеді. Қазір Атырау облысында осы бағытта 1 үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасап отыр. Болашақта қоғамдық ұйымдардың санын арттыру мәселесі де күн тәртібінде тұр.
comments powered by HyperComments