АИТВ ға жауапты мамандар мен дәрігер-гинекологтарға арналған облыстық семинар
- admin_atsc
- 22.11.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ –инфекциясының алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 10 қарашадағы №580 бұйрығын орындау мақсатында облыстық және аудандық ауруханалардың және жеке медициналық ұйымдардың АИТВ ға жауапты мамандар мен дәрігер-гинекологтарының арасында «Жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін және БМСК мекемелерінде халықты клиникалық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясына тексеру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Бағдарламаға сәйкес шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашты. Семинарда орталықтың мамандары облыстың эпидемиологиялық ахуалы, жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеру, медицина ұйымдарында АИТВ инфекциясының кәсіби берілуінің алдын алу туралы баяндады.
Сонымен қатар басшы Елімізде 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» деген ұранымен АИТВ(ВИЧ)-инфекциясына қарсы шаралардың онкүндігі өтетіндігі, жүргізілетін шаралар туралы мәлімдеді.
Қатысушыларға семинарға дейінгі және кейінгі тестілеу жүргізілді. Семинарға 27 адам қатысты.
comments powered by HyperComments