№79 мекемесіндегі сотталған азаматшаларға акция өткізілді

- admin_atsc
- 30.11.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 28-ші қараша күні №79 мекемесінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай АИТВ “Көшбасшылық қауымдастықтарға” тақырыбында мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматшалар арасында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлерімен бірлескен кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында “ҮМІТ-НОРЕ-НАДЕЖДА” жеке орталығының қызметкері сотталған азаматшаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратылды, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Медицина қызметкерлері сол бойда сотталғандарға өз қалауымен сараптамадан өтуге мүмкіндік жасады. Аталған шара барысында сотталған азаматшалар тақырып аясында суреттер насихаттап, көрініс көрсетіп, әуендер шырқалды. Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарына №79 мекеме бастығының атынан алғыс хат табысталды.
comments powered by HyperComments