Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған акция

- admin_atsc
- 04.12.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023жылдың 23 қарашасында Д. Қонаев атындағы ВINOM мектеп-лицейінде:« Көшбасшылық– қауымдастастықтарға» ұранымен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай акция өтті.
Шараға Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова, Атырау облыстық ІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің аға жедел өкілі подполковник М. Жанғалиева және слауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен «ANGEL.NBA» мекемесінің мамандары Л.Отебаева ,А.Қарасақ қатысты.
Акция барысында қатысушы мамандар жастардың назарын оғаш мінез-құлықтардан бойын қашық ұстауға, жаман әдеттер адам үшін орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салып, оның орнына шығармашылыққа, спортқа, оқуға, өзін-өзі жүзеге асыруға көбірек уақыт бөлуге шақырды. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Мереке Баймуханова өз сөзінде планетадағы әрбір адам АИТВ жұқтыру қауіпне ұшырауы мүмкін екендігін, алайда вирустың таралу жолдары мен алдын алу туралы сенімді ақпаратқа ие бола отырып, өзін қорғауға болатынын атап өтті.
Шараға қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Науқан барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ жұғу жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді.
comments powered by HyperComments