Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңындағы кездесу

- admin_atsc
- 05.12.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023жылдың 30 қарашасында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттерімен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты- жастардың назарын АИТВ мәселесіне аудару, ақпараттандыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ орталығының маманы Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітпеу туралы толық түсіндірілді, қоғамдастықтардың АИТВ-инфекциясымен күрестегі рөліне тоқталды.
Кездесу барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ жұғу жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Шараға 45 студент қатысты.
comments powered by HyperComments