Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңындағы кездесу

2023жылдың 30 қарашасында  облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова Атырау энергетика және құрылыс колледжінің  студенттерімен Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай  «Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбында  кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты- жастардың назарын  АИТВ мәселесіне аудару, ақпараттандыру,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру. Салауатты өмір салтын  насихаттау.

АИТВ орталығының маманы Атырау  облысындағы  эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясы, таралу жолдары, алдын алу шаралары,  стигма,  АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітпеу туралы толық түсіндірілді, қоғамдастықтардың АИТВ-инфекциясымен күрестегі  рөліне тоқталды.

Кездесу  барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ жұғу жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Шараға  45 студент  қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey