Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Қызылшаға қарсы семинар

Ағымдағы жылдың  7 желтоқсанында облыстық АИТВ –инфекциясының   алдын алу  орталығының   госпитальді эпидемиологы  Г.А.Умарова,  орталықтың  медицина қызметкерлеріне Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №7 қаулысының 01.11.2023 ж. талаптарын орындау бойынша “Санитариялық – эпидемиялогиялық және санитарлық -профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар” тақырыбында семинар өткізді. Семинарда қызылша ауруының клиникасы, оның таралу қауіптілігі, қазіргі аурушылықтың жағдайы туралы мәлімет берілді. Сондай ақ қызылша ауруының алдын алу шаралары, екпе алудың маңыздылығы туралы, жалпы жұқпалы аурудың алдын алуда вакцинация жүргізудің маңызы туралы, қазіргі қосымша жаппай иммундау туралы толық түсінік берілді. Қатысушылар тақырап  аясында  сұрақтарын қойып,  нақты жауаптарын алды .

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey