Жағалау күзетінің қызметкерлеріне АИТВ туралы дәріс

- admin_atsc
- 16.01.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Р.Муканова, М.Баймуханова және медбике А.Жандалиева «ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жағалау күзетінің үшінші девизионы» қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Мақсат: әскери қызметкерлердің арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болып табылады. Шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының Атырау облысының эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және алдын алу шаралары, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті.
Сонымен қатар еріктілерге 20 адамға жедел тест жүргізілді.
Барлық қатысушыларға ақпараттық-танымалдық материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments