Атырау облыстық АИТВ  орталығы

№1 Атырау қалалық емханаға әдістемелік көмек көрсетілді

2024 жылдың  16 сәуірінде  облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Р.Муканова мен Д.Жарилгасова №1 Атырау  қалалық емханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясының алдын-алу шаралары»  тақырыбында  оқыту семинарын  өткізді. Шарада АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы АИТВ-ның алдын алу бойынша   клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты тестілеуден өткізу және апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі,  дискриминация  және стигма,  жедел тестіні пайдалану сұрақтары  қаралды. Арнайы слайдтар мен таныстырылып, мамандардың сұрақтарына жауап берілді. Семинарға қатысқандардың саны – 29.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey