Облыстық перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлеріне арналған семинар

- admin_atsc
- 29.04.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серікбаева мен емдеу бөлімінің меңгерушісі А.Қарабекова Атырау облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ҚР ДСМ құжаттарымен таныстырып, жұмысты ұйымдастыру үшін семинар өткізді. Қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу, психоәлеуметтік кеңес беру, қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері, АИТВ-мен байланысты авариялық жағдай болған кезде медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне және контактіден кейінгі қауіпті азайту мақсатында антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қысқа курсымен таныстырды.
Дәрігер – инфекционист А.Қарабекова өз презентациясында, АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын алу, АИТВ-инфекциясы кезінде жүктілікті, босануды, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу ерекшеліктеріне тоқтады. Дәрігерлер барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.