Бизнес объектілерінің қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер

- admin_atsc
- 31.07.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2024 жылдың 22- 26 шілде аралығында АИТВ инфециясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде: « Өнерпаз »,«Көктем» ЖШС, «Ак ниет», «Абишева Д. » ЖК қызметкерлеріне дәрістер өткізді.
Мақсат- бизнес құрылымдар мен халықтын арасында АИТВ/ЖИТС туралы хабардар болуын және өз денсаулығына байланысты жауапкершілігін арттыру.
Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, таралу жолдары мен аурудың алдын алу, АИТВ-инфекциясын анықтаудың бірден-бір жолы – тегін жүргізілетін зертханалық қан анализі,стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы айтылды. Шара соңында қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.