Қызылқоға аудандық орталық ауруханасына семинар өтті
- admin_atsc
- 28.10.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова мен Д.Жарылғасова Қызылқоға аудандық ауруханасы медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинарда АИТВ –инфекциясының алдын-алуға, ерте анықтауға қатысты нормативтік –құқықтық актілерге, жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін тексеру, олардың АИТВ жұқтыруына жол бермеу, апаттық жағдайлар туындағандағы іс шаралар туралы түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, сұрақтарға жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments