Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Дені сау жастар – ел болашағы!»

2024 жылдың 21 қарашасында  облыстық АИТВ орталығының мамандары М.Баймұханова мен Л.Утепова  Әлия Молдағұлова атындағы №22 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен 20 қараша – 1 желтоқсан аралығында өтіп жатырған «Адам құқықтары жолында -дұрыс жолды таңдаңыз!» тақырыбындағы онкүндік шеңберінде «Дені сау жастар – ел болашағы!» тренинг өткізді. АИТВ-инфекциясының таралуы, жұғу жолдары, алдын алу, денсаулықты қорғау  туралы маңызды  мәліметтерді қарапайым мысалдармен, бейнефильмдермен  көрсеткен мамандарға көптеген сұрақтар қойылды.

Берілген ақпараттың қаншалықты  игерілгенін анықтау мақсатында  жүргізілген викторина қорытындысымен балаларға сыйлықтар таратылды. Шараға 175 оқушы қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey